AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарызға белшеден баттым": Алматыда алаяқтардың құрбаны болған жігіт істің тергелмей жатқанына шағымданды

Алматы қаласының тұрғыны Нұрғиса Шамұратов алаяқтардың құрбаны болғанын айтады. Сөзінше, ғаламтордан кәсіп ашуға үйрететіндердің жарнамасын көрген ол тиімді ұсыныстарға алданып қалған. Жарнаманың шикілігін кейіннен түсіндім деген азамат полицияға арызданған. Алайда іс екі айдан бері ілгері жылжымапты. Stan.kz тілшісі мәселенің мән-жайын анықтап көрді. 

алаяқ

Нұрғиса Шамұратов кәсіп ашуға көмектесетіндердің жарнамасын 2021 жылдың желтоқсан айында көргенін айтады. Қызығушылық танытып, өз ісін бастағысы келген ол алғашында орын болмағандықтан курсқа іліне алмаған. Бірақ кейіннен жарнама берушілерден жеке шақыртуға ие болыпты. 

“Курс "Kaspi-мен бизнес" деп аталады. Толық ақпарат алу үшін өз кеңселеріне шақырды. Онымен қоса алдын ала 100 мың теңге төлем жасау керектігін айтты. Сұраған қаражатты онлайн түрде аудардым. Кеңсеге келген соң курстың бағасы негізінен 3,5 миллион теңге екенін білдім: келісімшарт жасалғанда алғашында қолма-қол 500 мың теңге, қалған қаражатты тауар сату арқылы қайтару керек болдым”, – дейді Нұрғиса Шамұратов. 

Алматылық азаматтың айтуынша, курс ұйымдастырушылары бастапқы соманы қолма-қол беру керектігін талап етіпті. Есесіне, сауда-саттықтың қыр-сырын, үйде отырып-ақ, табыс табуды үйретеміз деп иландырған. 

“Тіпті сатылатын техниканы да өздері жеткізіп, қоймада тегін сақтауға да уәде берді. Ұсыныстар тиімді болғандықтан келістім. Келісімшарт үш жақты жасалғандықтан мұнда бір гәп бар деп ойлаған жоқ едім. Бастапқыда курс офлайн өткізілетінін айтқан еді, алайда қаңтар оқиғасынан кейін онлайнға көшірілді. Сондағы қыруар қаражатқа сатып алған курсымыз бір жарым минуттық екі видео болып шықты. Ең сорақысы, жаңа ешнәрсе үйренбедік, мұндағы ақпаратты ғаламтордан да табуға болар еді”, – деп қосты ол.

Көп ұзамай 15-тен аса адам алғашқы тауарларын сата бастаған. Алайда кәсіпкерлер пайда табудың орнына шығынға белшеден батыпты. 

“Алғашында тауарды көтерме бағада беруге уәде еткен болатын, сонымен қатар курс ұйымдастырушылар шекті бағаны өздері белгілейтін. Әр тауардан ары кетсе, 5-10 мың теңге пайда түсіп отырды. Кейіннен көтерме баға аспандап, үлкен шығынға ұшырадық. О баста қажет тауарлар тегін жеткізіледі деп айтқандарынан айнып шыға келді. Одан қалса, сұраған техникамыздың қоймада жоқ екенін айтып бетімізді қайтарып тастайтын. Сайып келгенде, кәсіп жүргізбек тұрмақ, оны жарытып үйрене алмадық, тек компанияның тауарларын сатып бердік", – дейді ол.

Не ақшамызды қайтармады, не кәсіп үйретпеді деген олар құзырлы органдарға шағымдануды ұйғарған. Шикіліктің барлығы осыдан кейін бір-ақ анықталыпты. 

"Ұйым заңнан жалтару үшін компания иесінің ЖСН нөмірін де қате көрсеткен екен. Алғашында бес адам болып бірігіп, шағым түсірдік, кейіннен басқа алданған төрт адам қосылды. Іс алға жылжымаған соң, Алматыдағы полиция департаментінің табалдырығын тоздырдық. Өз кезегінде олар іс қозғау үшін жарнама ролигі қажет екенін айтты. Қазір YouTube-те жарияланған видео ешкімде жоқ. Жарнама беруші видеоны өшіріп үлгеріпті”, – дейді Нұрғиса Шамұратов. 

Амалымыз таусылған соң  БАҚ-тан көмек сұрауға мәжбүр болдық, дейді ер азамат. 

"БАҚ өкілдеріне шағымданамын деген соң тек менің ақшамды қайтарып береміз деді. Алайда өзгелердің аузына қақпақ бол деп талап қойды. Сонда олар менің ғана ақшамды қайтарып, құтылып кетпекші. Мен келіспедім, олай жасасам, басқалары берген ақшаларына қағылады. Қазір осыншама адамды алдағандардың емін-еркін бостандықта жүргеніне қынжыламын. Полицейлер жауап алуға тек екі рет шақырды, компания өкілдерімен бетпе-бет кездестіреміз деген, бірақ әлі шақырған жоқ. Қаражатымыздан қағылғанымызбен қоса, енді кінәлілер жазасыз қала ма деп алаңдаймыз", – деп түйіндеді ол.

Азаматтардың шағымына қатысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдіріп, тиісті тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді. 

“Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) іс қозғалды. Осы іске қатысты бар тұлғалардан жауап алынуда. Сонымен қатар тиісті мемлекеттік органдарға іске маңызы бар сұрақтарға жауап беру үшін сауалхаттар жөнелтілді. Сот алды тергеу жалғасып жатыр”, – делінген Алматы Полиция департаментінің хабарламасында. 

Полицейлер процессуалды шешім тергеу амалдары аяқталған соң қабылданатынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр