Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Ақшаны әйелі шешіп алған»: СҚО-да шенеунік бюджет қаржысынан 80 млн теңге жымқырған

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы басқармасының басшысының орынбасары бюджет қаржысынан 83 миллион теңге жымқырғаны үшін тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақшаны әйелі шешіп алған»: СҚО-да шенеунік бюджет қаржысынан 80 млн теңге жымқырған

Ведомство мәліметінше, шенеунік әйелімен бірлесіп қомақты көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелуде. Хабарланғандай, ерлі-зайыпты үлескер кәсіпорындар арқылы жалған келісімшарттарға қол қою жолымен әрекет еткен. 

«70 миллион теңге шешіп алынған. Оның бір бөлігі долларға ауыстырылып, қымбат көлік сатып алуға жұмсалған. 19 маусымда шенеуніктің жұбайы 19,5 млн теңге көлеміндегі кезекті траншты шешіп алу кезінде қолға түсті», - делінеді хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Шенеуніктің жұбайы кішкентай екі баласы болғандықтан, тұтқындалмады. 

Талқылау