Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақшамды қайтар!": Алаяқтар түркістандық әйелдің атынан қазақстандықтарды алдап жүр

Түркістандық Сымбат Қошқарова күн сайын өзіне белгісіздер хабарласып, ақшасын қайтарып беруін талап ететінін айтып шағымданды. Әйелдің айтуынша, олар сұраған қаражатқа оның еш қатысы жоқ, алаяқтар оның атын жамылып қазақстандықтарды қарызға батырып жүрген сыңайлы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.

Әрбір телефон шырылы Сымбатты шошытады. Екі жыл бұрын алаяқтардың қармағына түскен әйелдің айтуынша, оларға ақша мен куәлік нөмірін жіберген. Содан бастап оның атынан желілерде фейк аккаунттар ашылып, таралып жүрген. Алаяқтар Сымбаттың атынан адамдарға хабарласып, оларға ақша беретініне уәде береді. Бұл  - олардың алаяқтық жүйесі. 

"Күніне бірнеше адам хабарласады. Жазады, боқтайды, ақшасын қайтаруын сұрайды. Балаларды неге ойламайсың деп айтады, қорқытады. Жұмысыма келіп алып та бопсалайды. Мен ешкімнен ештеңе алған жоқпын. Ешкімнен тығылып жүрген жоқпын", - дейді ол. 

Алаяқтардан зардап шеккендер ішінен Қазақстанның барлық аймағының тұрғындарын кездестіруге болады. Ақшаны қайтаруды алматылық, астаналық, түркістандықтар сұрайды. 


"Ақша саламын деп ұлымнан айырылдым": Қазақстандықтар 37 млн долларға бес мың адамды алдап соққан алаяқты іздеп жүр 


Зардап шеккендер 20-50 мың теңге көлеміндегі соманы алаяқтарға жіберген.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қыздың оларға бірнеше рет жүгінгенін растады.

"Іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады, бірақ әйел оны кешірді. Осыған байланысты 04.11.2020 жылы сотқа дейінгі тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", - дейді ПД.

Бірақ Сымбатқа түскен  қоңыраулар легі мұнымен тоқтаған жоқ. 

IT-мамандар бейтаныс адамдарға өз құжаттарының фотосуреттерін жібермеуді сұрайды.

Жандос Боранбай, кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының Киберқауіпсіздік бойынша жетекші маманы көптеген интернет-алаяқтар әр түрлі елдерден, қалалардан жұмыс істейтінін айтады.

"Біреу Беларусьте отырады, картадан қазақстандық шоттарға аударады және одан биткоинге айналдырады. Мұндайдан сақтану үшін кибергигиенаны сақтаған дұрыс, әрқашан өз деректеріңізді өзгелерге беруден сақ болыңыз", - дейді ол.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Наурыз, 2021 14:07
Талқылау