Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша жымқырды деп айыпталған оралдық археолог ақталып шықты

Оралда екі жарым миллион теңге жымқырды деп айыпталған, өңірге танымал археолог Мұрат Сыдықов қылмыстық жазадан босатылды,-деп жазды КТК арнасы.

соттадыы

Бұған дейін оған осыншама ақшаны иемденіп алып, «мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді» деген кінә тағылған болатын.

Алайда сот отырыстары барысында оның бұл ақшаны ресейлік ғалымдарға төлегені анықталған. Сол Орынбор зерттеу орталығының мамандары тиесілі жұмысты атқармай, қаржыны да кейін қайтарған екен.

Әйтсе де, ғалымның бәрібір кінәсі бар деп тапқан сот оған екі жыл бостандығын шектеу туралы үкім кескенімен, Мұрат Сыдықов амнистияға ілігіп, жазадан мүлдем босатылды. Еске салсақ, археолог алғашында қазба жұмыстарына деп бөлінген 15 миллион теңгенің  жартысын жымқырды деп айыпталған болатын.

«Айыпталушыда ұрлық жасаймын деген нақты мақсат болмаған. Сот куәгерлерді тыңдап, дәлелдерді зерттеп, Сыдықовтың айыбын  «жымқыру мақсат етпесе де, мемлекетке аса ірі көлемде  шығын келтірді» деген бапқа өзгертті»,-деді Орал қалалық сотының судьясы Гүлнар Ғимадудинова.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең толық әйел екі айда 242 келіге арықтады

Академик: Қазақстанның қазір 80 миллион адамды асырай алатын жағдайы бар

17 жасында бизнесін ашқан қазақ жігіті табысқа қалай қол жеткізгенін айтып берді

Алматыда жатақханадағы жаппай төбелесте 1-курс студенті көз жұмды

 

Талқылау