Ақша мен Toyota Camry талап еткен: Ақтөбеде бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топ бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, олар кәсіпкерден қомақты сома бопсалаған, сондай-ақ "Тойота Камри" автокөлігін өз аттарына аударуды талап еткен.
"Биылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондары бар 2 травматикалық тапанша мен пышақ тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі ("бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар қамауға алынды", - делінген полиция мәліметінде.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”