Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақша мен бензин алған": СҚО-да тексеру комиссиясының мүшесі парамен ұсталды

Солтүстік Қазақстандағы облыстық тексеру комиссиясының мүшесі пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

парақор

Антикордың айтуынша, 2021 жылдан бастап тексеруші үнемі пара алған. Тек ақшалай емес, бензинмен де алыпты.

Аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының бірін тексеру кезінде ол бірқатар кемшіліктерді анықтады. Бірақ 2,5 млн теңге үшін оларға көз жұмып, есепте көрсетпеуге келісті. Ал аудит кезінде облыстық әлеуметтік қорғау басқармасында ведомство басшысымен мәмілеге келді. 300 литр бензин үшін тексеруші мұнда да бұзушылықтарды жасырып қалды. Бұл үшін пара беруші де, алушы да жазаланады.

“Кенжебаев мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылып, сотталды. Пара құны болған 2,5 млн теңге мемлекет кірісіне тәркіленді. Пара беруші де дәл сондай жаза арқалады”, – деді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

СҚО әкімдігінің әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының басшысы Қошмановқа біреудің сеніп тапсырылған мүлкін ысырап еткені үшін, сондай-ақ пара бергені үшін 30 еселенген сома мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл – шамамен 2 млн теңге.

Талқылау