Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың беделді порталы Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп атады

Америкалық Boxingnews24  порталы қазақстандық Геннадий Головкинді 2017 жылдың үздік боксшысы деп атады, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстандық боксшы Геннадий “GGG” Головкин кәсіпқой рингте 38 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен аяқтаған. Қазақстандық бірде-бір рет жеңілмеген, тек осы жылдың 16 қыркүйегінде қарсыласымен тең түсті.

“Боксшы Геннадий Головкин мен Василий Ломаченко арасында таңдау жасау қиын болды, алайда Головкин Даниэл Джейкобс пен Сауль Канело Альвареске қарсы тамаша жекпе-жек өткізгені үшін үздік деп танылды”, — деп түсіндірді порталдың шолушысы Шон Джонс.

Америкалық портал ұсынған үздік боксшылардың тізімі:

1. Геннадий Головкин

2. Василий Ломаченко

3. Теренс Кроуфорд

4. Энтони Джошуа

5. Срисакет Сор Рунгвиса

6. Андре Уорд

7. Александр Усик

8. Джермелл Чарло

9. Эррол Спенс

10. Майки Гарсия

Айта кетесек, 2018 жылдың 5 мамырында Головкин мен мексикалық Сауль Альварес реванш өткізеді деп жоспарланып отыр. Бұл боксшылардың арасындағы алдыңғы жекпе-жек тең аяқталды.

Оқи отырыңыз:

Белгілі футболшы бутерброд жегені үшін команда құрамынан шығып қалды (видео)

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Лемье Головкин мен Сондерстің қайсымен реванш өткізгісі келетінін айтты

Талқылау