АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы ресми түрде USAID бағдарламаларының 83% тоқтатылатынын айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) бағдарламаларының 83%-ын тоқтату туралы ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың айтуынша, алты апталық қайта қараудан кейін 5200 келісімшарт жойылып, ондаған миллиард доллар шығындалған. Бұл кейбір жағдайларда АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне зиян келтірген. Қалған шамамен 1000 бағдарлама енді Мемлекеттік департамент тарапынан тиімдірек басқарылатын болады.
Ақпан айының соңында Дональд Трамп әкімшілігі USAID агенттігінің келісімшарттарының 90%-дан астамын жоюды жоспарлап отырғаны хабарланған еді.
Бұл қадамдар АҚШ-тың шетелдік көмек көрсету саласында елеулі өзгерістерге әкеліп, гуманитарлық және даму бағдарламаларының қысқаруына, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтағы АҚШ ықпалының төмендеуіне себеп болуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін америкалық USAID агенттігі Қазақстандағы қай ұйымдарды қаржыландырғаны белгілі болды. Қазақстанда USAID заң үстемдігін нығайтуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды белсенді түрде қолдады. Оның ішінде БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар, соның ішінде ЛГБТ құқықтары мен гендерлік теңдікпен айналысатын ұйымдар болды.
- 2001-2024 жылдар аралығында Қазақстанға берілген қаржыландырудың жалпы көлемі – шамамен 2,07 млрд доллар (1 триллион 34 миллиард теңге).
- 2024 жылдың аяғында USAID Қазақстанда 27 жобаны – 15 аймақтық және 12 елдік жобаны жүзеге асырды.
Тек "Қадыр-Қасиет” және "Десента" деген екі қазақстандық үкіметтік емес ұйым тікелей қаржыландырылады.