АҚШ-тың ГМА (ГМО) бар азық-түлік өнімдері Қазақстанның дүкен сөрелерінен алынып тасталуда
Астанадағы Рамстор және Galmart желілерінде сатылып жатқан АҚШ-тан жеткізілген құрамында ГМА (ГМО)-сы жоғары тауарлар сатылымнан алынып тасталып жатыр.
Құрамында генетикалық модифицирленген ағзалар (ГМА) көп қосылған жүгері дәні мен соя АҚШ-тан жеткізілген екен. Бұл туралы ҚР денсаулықсақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мұндай тауарлар негізінен құймақ, вафли Pancake&Waffle MIX Shop Rite, сыр қосылған кептірілген нан Bread Crumbs ITALIAN STYLE with Shop Rite, Rite и Bread Crumbs PLAIN Shop Rite, сондай ақ, жеңіл таңғы астар,
жылдам дайындалатын кеспелер Maruchan Ramen Noodle Soup Oriental flavor, Maruchan Ramen Noodle Soup Shrimp flavor и Maruchan Ramen Chicken Tortilla flavor құрамында ГМА шектен тыс көп деп танылды.
Ведомства өкілі аты аталған тауарлардың сыртында ГМА-ның қанша мөлшерде екені жазылмаған деп ескертеді. Мұны тек арнай зертхана мамандары тексере отырып көз жеткізген көрінеді.
Астанада арнайы зерттеу жүргізіліп Рамстор мен Galmart желісіндегі тауарлар арнайы тексеруден өткізілген. Енді Қазақстан бойынша осы тауарларды кері қайтару жұмыстары жүргізілетін болады.
Комитеттегілер «Тұтынушы құқығын қоғау бойынша заңымыздың 6 –шы тармағы бойынша халықты денсаулығына қатер төндіретін азы-түліктен сақтандыру үшіні, ескерту жасауға міндеттіміз дейді.
Кез келген тауардың құрамында 0,9% ГМА болса бұл заңға сай. Осыдан өсіп кетсе халықаралық заңға да қайшы, одан халықты қорғануға шақыру айтарлықтай заңды болып табылады екен.
Оқи отырыңыз:
2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады
Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото)
Қайрат Нұртас алғаш рет қос қызының суретін жариялады
Сиви ешқандай атаққа лайықсыз деген сынға әншінің өзі жауап берді