АҚШ-та жер бетінің ең егде тұрғыны 117 жасында қайтыс болды
Гиннестің рекордтар кітабына кірген планетаның ең кәрі тұрғыны Сузанна Мушатт Джонс 117 жасында Нью-Йорк қаласында қайтыс болды.
Сурет foolpix.net
Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.
“Джонс бейсенбі күні Бруклиндегі қарттар үйінде қайтыс болды. Ол соңғы 10 күн бойы ауырған”, – дейді геронтолог Роберт Янг.
Афро-американдық Джонс 1899 жылы Алабама штатында туған. Ол планетаның ең қарт тұрғыны ретінде Гиннестің Рекордтар кітабына 117 жастағы Токио тұрғыны Мисао Окава 2015 жылы қайтыс болғаннан кейін кірді.
Енді ең ұзақ жасаған рекорд кезегі 116 жастағы италияндқы Эмма Мораноға келді. Ол Джонстан небәрі бірнеше ай ғана кіші екен.
Талқылау