Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ұшақ аспанға көтерілген сәтте өртке оранды (видео)

АҚШ-та әуе кемесі ұшқаннан кейін көп ұзамай қозғалтқыштардың бірі ауада отқа оранды. Апатқа турбинаға түскен құс себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ұшақ Индианаполиске ұшуы керек еді. Бірақ ұшқаннан кейін бірнеше минуттан соң әуежайға қайта оралды. 



"Куәгерлердің айтуынша, олар алдымен қатты жарылыс дауысын естіген. Содан кейін қозғалтқыштан түтін шыққан. Ұшқыштар сол сәтте жедел әрекет етіп, әуежайға қарай бет алған. Нәтижесінде Boeing 767 сәтті қонды”, – делінген хабарламада. 

Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Зардап шеккендер жоқ. Мамандар апаттың неден болғанын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда апатқа ұшыраған ұшқыштар мен диспетчерлердің соңғы диалогы пайда болғанын жаздық. Аудиода Грозныйға қонбау, Махачкалаға ұшпау, одан кейін Бакуге қайтып оралу, соның нәтижесінде Ақтауға ұшу туралы барлық шешімді Әзірбайжан әуе жолдарының экипажы дербес қабылдағаны естіледі. Диспетчерлер әуелі Грозныйға, сосын Махачкалаға қонуды ұсынып, экипажға Ресейдің басқа әуежайлары туралы ақпарат берді, бірақ экипаж бұл жерге қонбауды ұйғарды. Оның үстіне жазбалардан құстармен соқтығысу, борттағы жарылған газ баллоны туралы нұсқаны ұшақ экипажы диспетчерлермен сөйлесіп жатқан кезінде айтқаны белгілі болды.

Талқылау