Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы “Ислам мемлекетіне” қатысы барын мойындады

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов өзінің кінәсін мойындап, «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымына қолдау көрсеткенін айтты.

73D7E659-952A-4D56-B92E-93A6860C1E3C_cx0_cy9_cw0_w987_r1_s_r1 21 жастағы Сайдахметов Нью-Йоркте тұрған. Оны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. АҚШ прокуроры Роберт Кейперс айыпталушының Сирияға барып, «Ислам мемлекеті» құрамымен АҚШ жерінде теракт жасамақ болғанын айтады. Мәліметке сүйенсек, Сайдахметов пен сыбайласы Өзбекстан азаматы Абдурасул Журабоев Сирияға баруды жоспарлаған. Жоспары орындалмаған жағдайды автомат сатып алып, полицейлерді атпақ болады. 2015 жылы Сайдахмеовты Нью-Йорктегі Кеннеди атындағы әуежайдан Түркияға ұшпақ болған жерінен ұсталды. Журабоев та сол күні Түркияға ұшпақ болған жерінен құрықталған. Іс бойынша Өзбекстанның тағы бір азаматы Аброр Хабибов лаңкестерге ақша жинап бермек болды деп айыпталуда. Жіберіп алмаңыз: Қытай халқы санының нақты қанша адамға жеткені жарияланды Голливуд жұлдыздары Нью-Йоркте Трампқа қарсы митингке шықты (фото) Анасы ұлының қызтеке екенін білген сон оны пышақтап өлтірген
Талқылау