Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд жұлдыздары Нью-Йоркте Трампқа қарсы митингке шықты (фото)

Нью-Йорк қаласында АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа қарсы митинг өтіп, оған тіпті Голливуд жұлдыздары да қатысты.

1481058402

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Митингке Роберта Де Ниро, Марка Руффало және Алекс Болдуина, режиссер Майкл Мур, әнші Шер және қала мэрі Билл Де Блазио қатысқан.

Trump Tower ғимаратына жақын маңда өткен шеруге мыңдаған қатысушы жиналған.

Қарсылық танытушылар “Билік кімде? – Билік бізде!” деп ұрандатқан. Көпшілік алдында сөз алған Де Ниро Трампты “бұл ел мен бұл қала үшін өте нашар мысал” деп атаған.

Ол Трамптың президент болатыны туралы ешқашан ойлап та көрмегенін айтты.

Мінбеге көтерілген қала басшысы Де Блазио да сайланған президентті қолдамайтынын жайып салды.

Ол Трамптың билікке келгеніне қарамастан, америкалықтарды өз тағдырларын өздерінің қолдарына алуға шақырды.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі бүгін Вашингтондағы Ақ үй алдында өтеді. Бұған дейін Трампты ұлықтау рәсімі өтпей қалуы да мүмкін деген қауесет тараған болатын. Дональд Трамп қарсыласы Хиллари Клинтонды жеңіп, АҚШ-тың 45-президенті атанған еді. Атақты бизнесмен қазақстандықтарға Головкинге жанкүйерлік етуімен де жақсы таныс болған.

Оқи отырыңыз:

Егіздер әр жылы дүниеге келді

Әкесі ақша үшін кішкентай қызын жалаңаш суретке түсірген

АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)

Барак Обама президент ретінде елімен қоштасты (видео)

Талқылау