АҚШ-та Трамптың жақтасын атып өлтірді деген күдіктіні өз әкесі ұстап берген
Фото: Getty Images
АҚШ-та саяси белсенді әрі Трамптың жақтасы Чарли Киркті атып өлтірген күдіктінің кім екені белгілі болды. Күдікті 22 жастағы жігіт. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп құқық қорғау органдары Чарли Киркты өлтірді деген күдіктіні ұстаған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Күдікті Юта штатының 22 жастағы тұрғыны Тайлер Робинсон болып шықты.
Ақ үй басшысы Fox телеарнасына берген сұхбатында күдіктінің ұсталғаны туралы сұхбат басталардан бес минут бұрын естігенін айтқан.
Трамп сондай-ақ күдікті ұстауға күдіктінің “өте жақын адамы” көмектескенін айтты. Трамптың айтуынша, күдікті әкесіне келіп барлығын мойындаған, ал әкесі АҚШ маршалдары қызметінде жұмыс істейтінін танысына хабарлаған.
Трамп АҚШ-та украиналық босқын қызды өлтірген ер адамды өлім жазасына кесуді талап етті
“Күдіктінің әкесі ұлына: “Біз баруымыз керек” деп айтқан. Кейін олар көлікпен полиция бөліміне барған, және ол қазір сол жерде”, – деді Трамп.
Трамп күдіктінің кім екенін нақтыламаған, тек оның шамамен 28 немесе 29 жаста екенін мәлімдеген. Кейінірек ұсталған адамның Юта штатының 22 жастағы тұрғыны Тайлер Робинсон екені анықталды.
"Барлығы өзгеруі мүмкін, бірақ факт – ол факт, біз іздеген адамымызды таптық", – деді АҚШ президенті.
ФБР жариялаған видеода күдікті атыс болған ғимараттың төбесі арқылы жүгіріп, содан кейін қылмыс орнынан қашып кетіп бара жатқаны көрінеді.
Фото: BBC
Трамп ұсталған адамның кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілетінінен үмітті екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та көптің алдында сөз сөйлеп тұрған Трамптың жақтасы атып өлтірілген еді.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
