Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та мектеп білімінен көңілі қалған ер адам қызына қару ұстауды үйретіп жүр

АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны балаалрға арналған өзіндік білім беру жүйесін ойлап тапты. Ол балаларға қару ұстауды үйретуде, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Ер адамның сөзінше, ол жас кезінде заң бұзушылықпен айналысқан. Көбіне достарымен бірге өзгелердің көлігінде заттарды ұрлаған екен. Қазіргі уақытта ол өзін мұғалім әрі жастарға тәлім беруші санайды.

Оның қызы мен ұлы ешқашан мектепке бармаған. Алайда олар мылтық жинауда шебер меңгерген. Сондай-ақ, балалар АҚШ тарихына қатысты көптеген деректі жақсы біледі.

Ер адам өзінің білім беру әдісін ғаламтор желісінде көптеген ата-анамен бөлісуде.

Екі баланың әкесінің сөзінше, ол балаларын өз бетімен өмір сүріп, жауапкершілікті сезініп, шешім қабылдай алатындай етіп тәрбиелегісі келеді.

Оқи отырыңыз:

Ресейде мейірбикелер ауыр халдегі науқасты көшеге шығарып, тастап кетті (видео)

«Титаникте» рөл сомдаған бала фильмге түскені үшін әлі күнге дейін ақша алады

Жұлдыз Әбдікәрімова “Бәйтерек” ішінде үкілі орамал және халатпен түскен суретін жариялады (фото)

Талқылау