АҚШ-та қалың қардан 10 мыңнан астам рейс тоқтатылды

FlightAware онлайн-қызметінің мәліметінше, АҚШ-та қалың қар жауып, ауа райы қолайсыз болғандықтан 10 мыңнан астам рейс тоқтатылып, кешіктірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мәскеу уақытымен сағат 5:10 жағдай бойынша АҚШ ішінде және елге кіретін немесе елден шығатын рейстердің жалпы саны 999-ы тоқтатылып, кешіктірілген рейстер саны 9010-ға жетті”, – делінген хабарламада.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің мәліметінше, Нью-Йорк қаласының кейбір аудандарында 15 сантиметрден астам қар түскен, ал Нью-Йорк штатының кейбір аймақтарында қардың қалыңдығы 25 сантиметрге жеткен.
Нью-Джерси және Пенсильвания штаттарында кейбір жолдарға, соның ішінде көптеген штатаралық автомагистральдарға коммерциялық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.
“Дауыл солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жылжып келеді”, – деп ескертті синоптиктер.
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"