Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ит өз иесін атып тастады

АҚШ-та ит Уильям Рэнкурт есімді адамды 12 калибрлі қарудан атып тастады.

Бұл туралы KCCI 8 телеарнасы хабарлады.

29 қараша күні Нью-Гэмшир штатының Лебанон қаласының 36 жастағы тұрғыны үш досымен бірге қырғауыл атуға шыққан. Осы кезде жерде жатқан 12 калибрлі мылтықтан оқ атылып, ер адамның арқасына тиген. Орын алған оқиғаға кінәлі аңдаусызда мылтықтың шүріппесін басып кеткен ит болып шықты. Ер адамға оқ 20 метр қашықтықтан атылған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның аман қалатынынан үміттенеді.

«Оқ алыстау жерден атылған. Оның бағы бар екен. Егер жақын жерден атылса, аман қалмас па еді», – дейді штаттың табиғатты қорғау ұйымының өкілі Кен Лоннеман.

Аңшылар өздерімен бірге бірнеше ит ертіп шыққан. Лоннеманның ойынша, ер адамға өзінің иті оқ атқан. Ал басқа аңшылар зардап шекпепті.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та 6 жасар баланы “бум” деген сөзі үшін террорист деп айыптаған

Гарри ханзадаға қазақстандық шоколадтан дәм татқызды

Ер адам жерге құлап қалған баланы аяусыз теуіп жіберген видео көпшілікті ашуландырды (видео)

Үндістанда өлі туған сәби кремация алдында тіріліп кетті

Талқылау