Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та екі айлық сәби анасының шашының кесірінен башпайларынан айырылып қала жаздады

АҚШ-та екі айлық сәби анасының шашының кесірінен аяғының башпайларынан айырылып қала жаздады, деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеп Stan.kz.

АҚШ-тың Мичиган штатының тұрғыны Хизер Фрик Facebook желсіндегі парақшасында екі айлық ұлы Джейкобтың аяғының байшпайларынан айырылып қала жаздағаны туралы жазды.

Рождество мейрамында анасы екі айлық Джейкобты киіндіріп жатқанда, әкесі сәбидің екі башпайы көгеріп кеткенін байқаған. Мұнан кейін ата-аналар башпайға оралып қалған анасының шашын көріпті. Салдарынан сәбидің аяғының башпайындағы қанайналымы бұзылған.

Фрик бірден шашты алып тастамақ болған. Алайда байшпайға оралып қалған шашты толығымен ала алмапты. Мұнан кейін ата-аналар жедел жәрдем шақырған. Сәбидің байшпайына оралып қалған шашты алу үшін, бес дәрігерге бір сағатқа жуық уақыт қажет болыпты.

Дәрігерлердің сөзінше, егер әйел бастапқыда шаштың бір бөлігін алып тастамағанда, сәбидің башпайларын кесіп тастауға тура келер еді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та акулалар қақаған аяз салдарынан қатып өліп жатыр

Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты

Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапат алғанын сынағандарға жауап берді

Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады

Талқылау