АҚШ-та туған айы мен жылы бөлек егіздер дүниеге келді
АҚШ-та Калифорниядағы ауруханада Жаңа жыл түні анасы егіздерін 20 минут айырмашылықпен босанған. Бірақ нәрестелердің айлары мен жылдары бөлек болып отыр, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz.
Сурет: Көрнекі сурет
Егіздер 2018 жылдың 27 қаңтарында дүниеге келу керек болған. Алайда Мария 31 желтоқсанда жергілікті аурухананың босандыру бөліміне түскен.
Шетелдік БАҚ хабарлауынша, сәбилер Хоакин мен Аитана де Хесус Онтиверос Делано қалалық ауруханасында өмірге келген.
Алғашқысы – ұл түн ортасына таман, 31 желтоқсанда жергілікті уақытпен 23. 58- де дүниеге келген. Ал оның егіз-қарындасы жиырма минуттан кейін, яғни Жаңа жылда 1 қаңтар күні 00.11-де туған.
Егіздердің ата-анасы – Мария мен оның күйеуі Хоакин Эрлимат қаласында тұрады. Олардың үш қызы бар.
Оқи отырыңыз:
Дубайдағы ғажайып лазерлік шоудың видеосы жұртты тамсандырды (видео)
Түркіменстанда қара түсті автокөліктерге тыйым салынды
АҚШ-та өлім аузында жатқан қыз ақтық демі таусылар сәтте тұрмысқа шықты
Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр