АҚШ-та жүзден аса жолаушысы болған ұшақ өртеніп кетті
АҚШ-та Майами халықаралық әуежайына қонған ұшақ өртеніп кетті. Оның бортында 126 адам болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
NBC Miami телеарнасы таратқан мәліметке сүйенсек, әуе кемесі қону кезінде ішіндегі шасси бұзылған соң өрт шыққан. Авиация департаменті өкілінің айтуынша, Red Air рейсі Доминикан Республикасының Санто-Доминго қаласынан келген.
МD-82 лайнерінің бортында 126 адам болған, жолаушының үшеуі жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Басқа жолаушылар автобуспен ұшақтан терминалға жеткізілді.
Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ұшақтағы өрт тез арада ауыздықталып, жанармай ағып кеткен жер жөнделгенін айтты.
Даяшы жеткіншекті өзін ұзақ уақыт бойы қорлаған ата-анасынан құтқарып қалды
Әлеуметтік желіде жарияланған фотолар мен видеоларда жақын маңдағы жолаушылар ұшу-қону жолағында кетіп бара жатқанын көруге болады.
#NEW: Video shared with @nbc6 by Red Air Flight 203 passenger as they escaped burning plane. Three people were injured.
— Ryan Nelson (@RyanNelsonTV) June 22, 2022
Investigators say landing gear collapsed as plane landed at Miami International Airport. #Miami pic.twitter.com/LRHI3cGYdL

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
