Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даяшы жеткіншекті өзін ұзақ уақыт бойы қорлаған ата-анасынан құтқарып қалды

АҚШ-та 45 жастағы Флавиан Карвальо даяшы болып жұмыс істеп жүрген кезде зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланы "Саған көмек керек пе?" деген жазу арқылы құтқарып қалды. Бұл туралы Mirror басылымы жазады.

Флавиан Карвальо Тимоти Ли Уилсон отбасына Флорида штатындағы Оранж округінде орналасқан “Mrs Potato” мейрамханасында жұмыс істеген. 

Ойы ұшқыр даяшы төрт адамнан тұратын отбасындағы 11 жасар баланың денесінің көгергенін және оның отбасының басқа мүшелерінен оқшау отырғанын байқаған. 

Бала отбасы мүшелерінің ішінде жалғыз тамақ ішпей отырған, ал үлкендерден балаға тамақ тапсырыс не себепті берілмегенін сұрағанда ата-анасы оның үйде тамақтанатынын айтқан.



"Мен оның қастарының арасында үлкен сызат бар екенін көрдім. Бір-екі минуттан кейін мен көзінің тұсынан көгерген ізді байқадым. Сондықтан бірдеңе дұрыс емес екенін сездім”, – деп есіне алады Флавиан.

Зорлық-зомбылық белгілеріне мән берген Флавиан қолмен жазылған хабарландыруды ата-анасы көре алмайтындай қашықтықта балаға көрсеткен. Бұл қағазда: "Саған көмек керек пе?" (Do yo need help? – түпнұсқасында) деп жазылған.

Бала ақырын басын изеген, сонда әйел дереу 911-ге қоңырау шалып, полицияны шақырған.

"Біз мұқтаж адамдарға назар аударып, оларға қарай қадам жасауымыз керек. Мені Құдай құтқару құралы ретінде қолданған сияқты”, – дейді әйел.

Полиция кейінірек баланың өгей әкесі Уилсонның ұлын азаптап, әскери жаттығулармен жазалап, бірнеше күн бойы аш ұстайтынын анықтаған.

Офицерлер кәмелетке толмаған баланы ​​жазалау кезінде қару ретінде пайдаланылған бірнеше заттарды, оның ішінде металл таяқ, темір сыпыртқы, арба, қол кісендерін тапқан. 

Баланың ата-анасы

Нәтижесінде Уилсон 13 жасқа толмаған баланы бостандығын шектеу бойынша кінәлі деп танылды.

Баланың анасы, яғни Уилсонның әйелі Кристен Сванн да полицияға зорлық-зомбылық туралы білгендерін және оған медициналық көмек көрсете алмағанын мойындады. Ол қамауға алынып, оған балаларды қараусыз қалдырды деген екі айып тағылды.

Флавианның тапқырлығы Орландо полициясының басшысы Орландо Ролонды және де бүкіл әлемді таңырқатқан.

"Егер ол араласпағанда, біз баланың өлімін тергейтін едік”, – деді полицияда әйелдің ерлігі жайлы. Қазір Флавиана қоғамдық белсендіге айналған.
 

Талқылау