Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің ішінде тағы бір шақалақ өскенін анықтады

Үндістанның Бихар штатының дәрігерлері асқазанында егізі бар жаңа туған нәрестеге ота жасады. Бұл туралы Hindustan Times хабарлайды.

Үндістанның Бихар штатында дүниеге келген 40 күндік баланың ішінде ұрық дами бастаған. Дәрігерлер жаңа туған нәрестенің зәр шығару кезінде ыңғайсыздық сезініп, іші ісінетінін байқайды. Тексеруден кейін оған сирек кездесетін “ұрықтың ішіндегі ұрық” деген аномалия диагнозы қойылды. Бала медициналық орталыққа жеткізіліп, дәрігерлер патологиялық ұрықты сәтті алып тастады.

"Балаға ота жасалды, қазір оның жағдайы тұрақты", - деді доктор Табрез Азиз.

Ұрықтағы ұрық - жүктілік кезінде ұрықтың ішінде паразиттік егіз пайда болатын құбылыс. Бұл шамамен 500 000 нәрестенің бірінде кездеседі. Сирек кездесетіндіктен, бұл аномалия білікті мамандар мен озық медициналық технологияларды қажет етеді.

Бұған дейін Колумбияда дәрігерлер жаңа туған нәрестенің қарнынан эмбрионды алып тастағаны хабарланған болатын. Ол кезде егіздің қолдары мен аяқтары қалыптасқан, бірақ жүрегі мен миы жоқ еді.


"Әйелім бар, бақыттымын": Жақсыз дүниеге келген ер адам өмірі жайлы айтты

Талқылау