АҚШ-та 13 жастағы оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім 30 жылға сотталды
Хьюстондағы орта мектепте сабақ беретін Александрия Вера 13 жастағы оқушысымен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады.
Бұл туралы rg.ru хабарлайды.
Тергеу дерегі бойынша, мұғалім әйел өзінің оқушысынан жүкті болып қалған. Александрия Вераға осы жағдай негізінде, оқушыға жыныстық қысым көрсетті деп айып тағылды.
Техас штатының заңы бойынша ол бұл жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ол өз кінәсін мойындаған. Оның адвокаты айыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын алға тартуда. Ал мектеп әкімшілігі болса мұғаліммен келісім-шартты бұзып үлгерді.
Әзірге сот дерегі бойынша, әйелге 30 жыл жаза кесілді.
Оқи отырыңыз:
Барак Обаманың алдағы уақытта немен айналысатыны белгілі болды
2017 жылдан бастап Nokia қайта сатылымға шығады
Жалған өнімнен сақтаныңыз: Телефон арқылы өнімнің сапасын тексеруге болады
Талқылау