Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ әскері Сириядағы ДАИШ-тың басшысын өлтірді

АҚШ әскери күштері Сириядағы ДАИШ "Ислам мемлекетінің" (Қазақстанда тыйым салынған) көшбасшысын жеңгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Адамдардың басын кесіп, көшеде қалдырған: Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты жантүршігерлік мәліметтер айтылды

7 шілдеде MQ-9 ұшақтарымен Сирияға шабуыл жасалды. Соққы нәтижесінде Сирияның шығысындағы ДАИШ жетекшісі Усама әл-Мухаджир қаза тапты.

"Бүкіл аймақтағы ДАИШТІ жеңуге ниетті екенімізді анық айттық. ДАИШ тек белгілі бір аймаққа ғана емес, барлық жерге қауіп төндіреді", – деді АҚШ орталық қолбасшылығының генералы Майкл Эрик Курилла.

Әзірге әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза тапты ма, жоқ па, белгісіз. Коалиция бейбіт тұрғындардың жарақат алғаны туралы хабарламаларды тексереді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 10 Шілде, 2023 14:08
Талқылау