Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылдарынан қаза тапқандар саны 787 адамға жетті

Иранда қаза тапқандар саны арттыФото: REUTERS/Majid Asgaripour

Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 232 адамға артып, 787 адамға жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Tesnim агенттігі Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының жазбаша мәлімдемесін жариялады.

“153 елдімекендегі 504 нысанға соққы жасалған шабуылдар салдарынан 787 адам қаза тапты”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ зақымданған ғимараттардың үйінділері астында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны айтылған. Алайда жараланғандар саны туралы ақпарат келтірілмеген.



Жағдайдың мән-жайы

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 17:58