Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Қырғызстанның 4 компаниясына санкция салды

АҚШ Қырғызстанның 4 компаниясына санкция салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

АҚШ үкіметі Ресеймен ынтымақтастығы үшін Қырғызстанның төрт компаниясына санкция салды. Ресми хабарламаны АҚШ Қаржы министрлігі жеткізді. Шешім Ресей Федерациясына тыйым салынған технологияларды жеткізуге байланысты қабылданды. 

"Салық төлемдері туралы ресми деректер, шенеуніктердің Ресейден үлкен көлемдегі тауарлар әкелінгені туралы білгенін көрсетеді. Неліктен санкцияларды болдырмау үшін ештеңе жасалмағандығы жұмбақ күйінде қалып отыр", - деп жазды басылым.

"RM Design and Development" ЖШС

Компания 2022 жылдың наурыз айында Бішкек еркін экономикалық аймағында тіркелген. Оның негізін салушы әрі жетекшісі Маров Шәкір Рашидұлы. Ресми түрде Жауапкершілігі шектеулі серіктестік электронды және телекоммуникациялық жабдықтардың құрамдас бөліктерінің көтерме саудасымен айналысады.

Өткен жылы кәсіпорын 2 миллион 682 мың сом салық төлеген. Оның негізгі бөлігін “Манас” және Солтүстік-Шығыс кедендері арқылы тауарларды кедендік ресімдеу үшін төленген алымдар құрады. Қырғызстан аумағына үшінші елдерден әкелінген тауарларға қосылған құн салығы (ҚҚС), аздаған табыс салығы мен әлеуметтік аударымдар да төленді. Компания алғашқы кедендік төлемдерді ресми тіркеуден өткеннен кейін бір айдан соң төлей бастаған.

"Осы жылы кәсіпорын жеткізілім көлемін айтарлықтай ұлғайтты. Бұған салық төлемдері туралы ақпарат дәлел. 2023 жылдың 13 шілдесіне 26 миллион 638,7 мың сом төленді, оның ішінде 24,1 миллионы табыс салығы. Кәсіпорын жеткізілімдерді дәл осындай белсенді режимде жеткізеді", - деп жазады басылым.

АҚШ билігінің мәліметінше, RM Design and Development Ресейге қос мақсаттағы тауарларды, соның ішінде жартылай өткізгіш құрылғыларды, электронды интегралды схемаларды және конденсаторларды жеткізеді.

Оның ішінде тауарлар ресейлік қорғаныс кәсіпорындарын электроникамен қамтамасыз ететін фирмаларға сатылады. Бұл Basis Trade Prosoft LLC (BTP), Radiotechsnab (RTS), Region-Prof (Region-Prof). Олардың барлығы санкциялар тізіміне енгізілді. 

"Прогресс Лидер" ЖШС

2022 жылдың наурыз айында Бішкек қаласының Октябрь ауданында құрылған. Оның жетекшісі және негізін қалаушы - Иванова Татьяна Григорьевна. Ресми түрде арнайы емес көтерме саудамен айналысады.

"Өткен жылы компания 1,7 миллион сом салық төлеген. Оның 1,5 миллионы 2022 жылдың тамыз айында үшінші елдерден әкелінген тауарларға Қосылған құн салығы ретінде төленген. Жеткізулер де "Манас" және "Солтүстік-Шығыс" кедендері арқылы жүзеге асырылған. Бір биылғы жылы төлемдер айтарлықтай азайған. 2023 жылдың басынан бері кәсіпорын небәрі 194 мың сом салық төлеген. Бұл негізінен табыс салығы мен сақтандыру жарналары. Кәсіпорын жыл басынан бері бірде-бір кедендік төлем жасамаған”, - деп жазады мақала авторлары.

"Прогресс Лидер" ЖШС ресейлік Siaisi (CIC) компаниясына тауар жеткізгені белгілі. Бұл кәсіпорын негізінен электронды және оптикалық жабдықтармен, сондай-ақ компьютерлер мен соған байланысты жабдықтармен айналысады. Бірақ CIC Ресей Федерациясының азаматы Иванова Татьяна Григорьевнаға тиесілі.

“ГТМЭ Технологии” Жабық акционерлік қоғамы

Өткен жылдың маусым айында Бішкектің Бірінші Май ауданында құрылған. Компания компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды шығарумен айналысады. Серіктестіктің негізін қалаушы және жетекшісі - Марселева Наргиза Марселевна. Ол "Пронова" және "Заң мен бизнес" заңгерлік компанияларының басшысы немесе құрылтайшысы.

"Өткен жылы "GTME Technologies" ЖАҚ мемлекет қазынасына 7 миллион 847,8 мың сом салық төлеген. 2023 жылдың басынан бері мемлекет қазынасына 7,4 миллион сом салық пен төлемдер түскен. Компаниядан тауарларды әкелу бойынша салықтар мен төлемдердің құрылымы бұрынғысынша сақталмаған", - делінген басылым хабарламасында.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, компания Ресейге, соның ішінде қосымша FinCEN-BIS ескертуіне енгізілген жоғары басымдықтағы тауарларды жеткізген. Олар тантал конденсаторлары және электронды интегралдық схемалар болды. “ГТМЭ Технологии”-дің негізгі тұтынушысы электронды және цифрлық жабдықты жеткізуші ресейлік Technologies Systems and Complexes Limited (TSC) компаниясы болды.

“Карголайн” ЖШС

2022 жылы наурызда Бішкек қаласының Октябрь ауданында тіркелген. Негізгі қызмет түрі жүк әуе көлігі саласы. Басшысы және құрылтайшысы - Алқадыров Азамат Мұқанбетұлы. 

“Былтыр “Карголайн” ЖШС 1 миллион 694,2 мың сом салық төлеген. Биыл компания небәрі 713,4 мың сом төлеген”, - делінген мақалада.

Компания Ресей Федерациясына, соның ішінде АҚШ-тың экспорттық бақылауына жататын әуе компанияларына тікелей миллиондаған долларлық шетелде жасалған ұшақтарды жеткізгендіктен санкцияларға ұшырады.

Санкциялар тағы кімге әсер етуі мүмкін?

Басылымның мәліметінше, Қырғызстанда Ресейге тыйым салынған технологияларды саудалағаны үшін санкцияға ұшырауы мүмкін басқа да компаниялар болуы мүмкін. Солардың бірі – "Impulse Invest" ЖШС. 

Өткен жылы, Жамбыл облысында компания Қырғызстаннан Ресейге заңсыз тасымалдамақ болған дрондар партиясы тәркіленген еді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Қырғызстанға санкция пакетін дайындап жатқаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау