Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Қырғызстанға қатысты мәлімдеме жасады

АҚШ Қырғызстанды конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге шақырды. Бұл туралы АҚШ-тың Қырғызстандағы дипломатиялық миссиясының мәлімдемесінде жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Америка Құрама Штаттары Қырғыз Республикасындағы бейбіт және демократиялық өтпелі кезеңді қолдайды. Демократиялық прогреске кедергі болатын факторлардың бірі - ұйымдасқан қылмыстық топтардың саясат пен сайлауға ықпал ету әрекеті екені анық. Мұны 4 қазандағы сайлау кезінде дауыстарды пара алу, 9 қазандағы Ала-Тоо алаңында зорлық-зомбылық пен қорқыту, сондай-ақ 10 қазандағы парламент отырысында бұзушылықтар дәлелдейді.

Америка Құрама Штаттары президент Сооронбай Жээнбековтің, саяси жетекшілердің, азаматтық қоғамның және заңгер ғалымдардың елдің саяси өмірін Конституциялық тәртіпке қайтару әрекеттерін қолдайды. Азаматтар мен олардың басшылары ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың саясатқа әсеріне қарсы күресті жалғастыруы керек. Түпкі мақсат Қырғызстан Конституциясы мен заң үстемдігін сақтау болуы тиіс", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Америка Құрама Штаттары осы уақытта қырғыз халқын қолдап, Қырғыз Республикасының көршілес елдері мен халықаралық серіктестерін қырғыз халқы бұл проблемаларды өз бетінше және зорлық-зомбылықсыз шешу үшін жұмыс істеп жатқан кезде мемлекеттің егемендігін құрметтеуге шақырады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 13 Қазан, 2020 19:08
Талқылау