Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қырымды мойындау: АҚШ Киевке келісім бойынша жаңа ұсыныс жасады

Дональд Трамптың әкімшілігі Киевке бейбіт келісім бойынша ұсыныстарын жеткізді. Келісім аясында Украинадан Қырымды Ресей құрамына жататын аумақ ретінде мойындау және НАТО-ға кіруден бас тарту талап етілген. Сонымен қатар құжатта Ресей президенті Владимир Путинге де ұнамайтын кейбір тармақтар бар екені айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WSJ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: kk.wikipedia.org / Картадағы Қырым

Мәліметтерге сенсек, Киев пен Мәскеу арасындағы қақтығысты тоқтату үшін ұсынылған бірнеше шарты бар. Олардың қатарында Қырымды Ресейдің аумағы деп тану, Украина тарапынан НАТО-ға мүше болудан бас тарту және Запорожье АЭС-ін АҚШ-тың бақылауына беру сияқты талаптар бар.

АҚШ шенеуніктерінің айтуынша, Трамп ұсынған бастамалар Кремльдің кейбір талаптарына сай келмейді. АҚШ Ресейдің Украинадан аннексиялап алды деп танылған төрт аймаққа иелік етуін мойындамайды. Алайда құжатта Ресей әскерлері бұл аумақтардан кетуге тиіс деген нақты талап жоқ.

АҚШ ұсынған шарттарға қатысты жауабын Украина осы апта соңында Лондонда өтетін кездесуде беруге тиіс. Бұл кездесуге АҚШ, Еуропалық Одақ және Украина өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.


Еске салайық, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған. Осыдан соң Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 21 Сәуір, 2025 10:42
Талқылау