Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ алдағы ядролық сынақтардың қалай жүргізілетінін жария етті

Фото: Mandel Ngan/AFP/Getty Images

АҚШ алғаш рет 30 жылдан астам үзілістен кейін субкритикалық ядролық сынақтар өткізетінін айтты. Энергетика министрі Крис Райттың айтуынша, бұл сынақтар атом бомбаларының жарылысын қамтымайды және тек ядролық қару компоненттерінің сенімділігі мен тиімділігін тексеруге бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

2 қараша күні Fox News телеарнасының The Sunday Briefing бағдарламасында Райт сөз сөйледі.

"Қазір сөз болып отырған сынақтар – жүйелік сынақтар. Бұл ядролық жарылыстар емес. Біз бұларды субкритикалық немесе ядролық реакциясыз жарылыстар деп атаймыз", – деді Райт.

Министрдің түсіндіруінше, мұндай сынақтар ядролық қарудың барлық өзге компоненттерін қамтиды және олардың жұмыс істеу қабілетін, детонация тудыру мүмкіндігін тексеруге бағытталған. Тесттер жаңа жүйелерге жасалады және олардың бұрыннан қолданыстағы үлгілерге қарағанда тиімді екенін дәлелдеуге тиіс.

Невада штатындағы сынақ полигоны маңында тұратын тұрғындарға "грибообразное облако" (саңырауқұлақ тәрізді бұлт) көру қаупі бар ма деген сұраққа Райт жауап берді.

"Жоқ, бұған алаңдаудың қажеті жоқ. Ғылым мен есептеу технологияларының арқасында біз ядролық жарылыс кезінде не болатынын өте дәл модельдей аламыз. Қазір біз сол жағдайларды модельдеп, бомбалардың құрылымын өзгерту арқылы нәтижелерін зерттеп жатырмыз", – деп жазды.


Трамп Африкадағы елдердің біріне әскер жіберуі мүмкін екенін мәлімдеді


"Ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдатады": Тоқаев әлем эконимикасы туралы тоқталды


Еске салайық, бұған дейін АҚШ Энергетика министрі Крис Райт Техас штатындағы Амарилло қаласында орналасқан Pantex ядролық қару зауытында B61-13 деп аталатын жаңа ядролық еркін құлайтын бомба жасағанын ресми түрде мәлімдеді. Министр Райттың айтуынша, ядролық арсеналды жаңарту бұрынғы президент Дональд Трамптың "Күш арқылы бейбітшілік" қағидатын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 10:15
Талқылау