АҚШ енді Украинаға әскери көмек бермейді
АҚШ енді Украинаға Ресеймен соғысу үшін қаржы бөлуді тоқтататынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Fox news
Дональд Трамптың баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт АҚШ бейбіт келіссөздерге басымдық беретінін, ал Украина президентінің ұстанымын қолдамайтынын көрсетті.
"Трамп әкімшілігі Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатып жатыр, өйткені бейбіт келіссөздер басымдық береміз. Біз бұдан былай алыс елде шынайы, тұрақты бейбітшілік орнамаған соғыс үшін әскери көмек бермейміз", – деді Кэролайн Левитт.
Мәлімдеулерінше, "дөрекі" Зеленский "көзқарасын" өзгертуі керек, әйтпесе жағдай басқаша болады.
Еске салсақ, бұған дейін Трамп пен Зеленский кездесу барысында сөзге келіп қалғаны айтылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"