Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ баскетболшысы Қазақстан туын денесіне салдырмақшы

«Астана» клубының америкалық легионер  ойыншысы Роберт Лаури Қазақстан туын денесіне салдырмақшы, – деп жазды Қазақпарат.

спортшы

Спортшының денесінде 20 тату бар. Ол алғашқы суреттін  14 жасында салдырған.

«Менің арқамда баскетболға қатысты суреттер бар. Онда өзім жалданып ойнаған Италия,Германия,Чехия, Түркия,Греция, Латвия сынды елдердің аттары жазылған. Жақында олардың қатарына Қазақстан қосылады. Мен Қазақстанның туын салып алмақшы болдым. Бірақ, оған ұзақ уақыт кетеді екен. Оны алдағы уақытта міндеті түрде салатын боламын»,-дейді спортшы.

29 жастағы спортшының сөзінше оның екі бірдей «электроника» және «мультимедиа» саласы бойынша  жоғары білімі бар екен. Бес жасар қызы да бар. Спортшы кроссовки құмар, осы уақытқа дейін жүз түрлісін сатып алыпты, барлығын да әлі күнге дейін ауыстырып киеді екен.

«Астанада маған бәрі ұнайды. Басшыларымыз, жанкүйерлер, әріптестерім. Маған ұнамайтыны ауа-райы. Мұнда өте суық»,-дейді спортшы.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық бойжеткен әлемдік жекпе-жек бойынша ең сексуалды спортшы атанды (фото)

Дастан Оразбеков қайда барса да жұбайын жанынан тастамайтын болған (фото)

Маржан Арапбаева туған күнінде күйеуімен бірге Таиландқа кетті (фото)

Айдана Меденова Рианнадан ән ұрлады деп айыпталды (видео)

Талқылау