Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Башар Асадтың химиялық қаруы әлдекімдердің қолына түседі деп қорқады

New York Times хабарлауынша, Вашингтон Сириядағы оқиғалар мен оның химиялық қару қорларының болашағына алаңдап, жіті бақылап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "BILD на русском" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lee Jin-man/Copyright 2021 The AP

Көтерілісшілер арасында "Хайят Тахрир аш-Шам" тобының исламшылдары да бар. Бұл топтың жетекшісі, бұрынғы "Әл-Каида" террористі Абу Мұхаммад әл-Джулани өз көзқарастарының қазір қалыпты екенін мәлімдегенімен, Батыс оған әлі үлкен күмәнмен қарайды.

Терроризм бойынша сарапшы Петер Нойманн BILD басылымына Башар Асад билігінің құлауыдан кейін Сирия террористер үшін одан да қауіпті баспанаға айналуы мүмкін екенін айтты.

"Дегенмен АҚШ химиялық қаруды мұқият бақылап отырғанына қарамастан, олар сириялық істерге араласқысы келмейді. Өйткені бұл тым қауіпті болуы мүмкін", – деп айтты Петер Нойманн.

Ерекше атап өтетін жайт, Дональд Трамп Байден әкімшілігінің жолымен Сириядағы оқиғалардан алшақ болуға тырысып отыр. Өзінің Truth Social платформасында ол үлкен әріптермен "Бұл біздің күресіміз емес" деп жазды.

Айта кетейік, 8 желтоқтанда Асадтың президент қызметінен кеткені және Сириядан шыққаны туралы алғашқы ресми мәлімдемені Ресей Сыртқы істер министрлігі жариялады. Алайда сол кезде Ресейдің сыртқы істер министрлігі Асадтың қай жерде екені туралы ешқандай мәлімет бермеген. Кейінірек ресейлік БАҚ Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасап, Ресей Асадқа және оның жақындарына "гуманитарлық мақсаттарды ескере отырып" баспана бергенін хабарлады.



Еске салайық, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.

Талқылау