Ақпарат министрінің орынбасары президент әкімшілігінде қызметке ие болды
Мемлекет басшысы Нұргүл Мауберлинова Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: baq.kz сайтынан
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми құжатта.
Еске салайық, бұған дейін бұл қызметте Ғани Нығыметов болған. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылыпты.
Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлектетік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылым мен коммерциялық секторда қызмет еткен.
2006–2008 жылдары — ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.
2008–2012 жылдары — ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.
2012–2016 жылдары ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.
2016- 2018 жылдары ҚР ақпарат және коммуникациялар қызметінің ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2018 - 2020 жылдың 15 мамырына ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.
Еске салайық, бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев президент әкімшілігіне ауысқан болатын.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
