Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақордада мемлекеттік Ту көтерілді (фоторепортаж)

Фото: Ақорда

Бүгін "Ақорда" резиденциясының алдындағы алаңда мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Республика күні мен Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына орай рәсімді ашты.

Фото: Ақорда

"Құрмет қарауылының басшысы президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады", –делінген хабарламада.

Фото: Ақорда


Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді


Президент Жарлығымен Шавкат Рахмонов ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталды


Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай Қазақстан халқын құттықтап, тәуелсіздік пен бірліктің маңызын атап өтті. Президент елдің болашағы әр азаматтың қолында екенін айтып, амандық пен бақ-берекені тіледі.

Тоқаев өз құттауында 35 жылдағы жетістіктерге тоқталып, елімізді әділетті, дамыған және озық ойлы ұлт ретінде қалыптастырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның келешегі – әрқайсымыздың қолымызда екенін ерекше айтты.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 12:54
Талқылау