“Жігітімен жанжалдасқан”: 7-қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тағы бір нұсқа айтылды
Фото: Әлеуметтік желіден
Алматыда 2024 жылдың мамырында көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмған Ақнәр Гүлстанның туыстары баспасөз мәслихатын өткізды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23 мамыр күні өткен баспасөз мәслихатында оқиға болған күні үйде болған қыздардың бірінің адвокаты Жандос Палманов оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты. Айта кетейік, Ақнәрдің туыстары іс бойынша куәгер мәртебесіндегі бұл қызды Ақнәрдің өліміміне қатысы бар деп есептейді.
Адвокат Жандос Палманов Ақнәр қаза тапқан кештің видеосын көрсетті.
Видеода қыздар жайылған дастарқан басында отырып, ән айтып, билеп, көңілді уақыт өткізіп жатқанын байқауға болады. Алайда бір сәтте жағдай күрт өзгеріп, кадрда марқұм Ақнәрдің жерде жатып жылап жатқанын, шаштарының жұлынғанын көреміз.
Адвокат Жандос Палмановтың айтуынша, сол кеште Ақнәрдың мінез-құлқы кенеттен өзгеріп, ол біртүрлі әрекет ете бастаған.
Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы Тоқаевқа үндеу жасады
"Санам қорытпай жатыр": Ақбота-Нұр 22 жастағы Ақнәрдің өлімінің шындығын талап етті
"Ол қатты эмоциялық тұрақсыздық көрсете бастайды. Жылайды, шашын жұлып, басын қабырғаға соғады. Менің қорғауымдағы қыз бен үшінші қыз оны сабырға шақыра бастайды. Қорғалушымның айтуынша, марқұмның жігітімен арасында жанжал болған, ол басқа қызға кетіп қалған екен. Ақнәр сол қызбен сөйлесуге барғысы келген. Қыздар оны тоқтатуға тырысқан: "Бұл дұрыс емес, қазір түн, сен массың" деп сабырға шақырған", – дейді адвокат.
Адвокаттың айтуынша, қызды сабырға шақыру әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін ол жуынатын бөлмеге кеткен, ал екінші қыз Ақнәрдың жанында қалған. Біраз уақыттан кейін екі қыздың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.
"Марқұм терезеден құлаған сәтте менің қорғауымдағы қыз жуынатын бөлмеде болған", – деді адвокат Жандос Палманов.
Журналистердің "марқұмның басындағы құлаудан бұрын пайда болған жарақаттар қайдан пайда болған" және "Ақнәрдың туыстары айтқандай, қыз азапталған ба" деген сұрақтарына жауап берген адвокат, жүргізілген сараптамалар азаптау фактілерін растамағанын мәлімдеді.
"Бастапқы сараптама қорытындысына сәйкес, оның денесінде 7-қабаттан құлау салдарынан болған көптеген жарақаттар анықталған. Ал азаптау және қинау белгілерін сарапшылар жоққа шығарады", – деді Палманов.
Алайда марқұм қайтыс болардан алдын оның картасынан адвокат Палмановтың қорғауындағы адамның шотына бір миллион теңге аударылғаны туралы мәселе әлі күнге жауапсыз қалып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы әділдік сұрағаны туралы жазған едік.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
