Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада жүзе алмайтын екі жеткіншек қыз туыстарының көз алдында батып кеткен

19 шілдеде Жалтыркөл ауылынан 5 шақырым жерде Есіл өзенінде қайғылы оқиға орын алды. 15 және 12 жастағы екі жеткіншек қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Stan.kz.

Қайғылы жағдай қыздардың біреуінің әкесінің көз алдында болған.

«Қыздардың біреуінің әкесі олардың ағып бара жатқанын байқап қалып, көмекке ұмтылған. Алайда қатты ағыс бой бермей, екі қызды ағызып әкеткен» деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстың бас құтқарушысы Алексей Советовтың айтуынша, шомылу маусымы басталғалы өңірде 14 адам суға батып, көз жұмған. Оның төртеуі - балалар.



"Ақмолалықтар соңғы күндердегі аптап ыстық кезінде карантинге қарамастан суға түсіп жатыр. Шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтап, барынша абай болу керек. Мас күйде шомылуға болмайды және балаларды қараусыз қалдырмаған абзал. Тек қана арнайы жабдықталған жерде суға түсіңіздер. Бейтаныс жерде шомылмаңыздар және қалтқыдан әрі аспаған дұрыс. Жүзе алмайтындар тек қана құтқарушылар бекеті жұмыс істеп тұрған жағалауда, тереңдігі 1,2 метрден аспайтын жерде суға түссін. Осы талаптарды сақтау арқылы өміріңізге қауіп төнбейді. Әлгі суға кеткен екі қыз да жүзу білмейтін еді", - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр