Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада жаңа туған сәбиді балалар үйіне жіберіп, ата-анасына оны өлді деп хабарлай салған

Ақмола облысында жаңа туған сәбиді балалар үйіне жіберіп, ал оның ата-анасына баланы өлді деп хабарлаған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

bigstock-fingers-of-newborn-baby-63904933

Облыстық прокуратура ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балаларды қорғау заңдылықтарын тексерген. Тексеру барысында қамқорлық органдары мен балалардың ата-анасын іздейтін ішкі істер қызметі арасында байланыс жоқтығын анықтаған.

“Өкілетті органдардың өз міндетін дұрыс атқармауы салдарынан бала 14 жыл бойы ата-ана жылуын сезіне алмай өмір сүрген. Осы уақыт ішінде бала ата-анасының тірі екеніне қарамастан, балалар үйінде тәрбиеленген. Бала 950 грамм болып өмірге келіп, жағдайы ауыр болып жансақтау бөліміне ауыстырылған. Ал нәрестенің анасына сәбидің жағдайы ауыр болып шетінеп кетті деп хабарланыпты. Сол себепті сәбидің кейінгі тағдырынан олар бейхабар болған. Ал перинаталды орталық қызметкерлері баланы тастап кету дерегіне байланысты жалған акт толтырған”, – деп хабарлады прокуратура.

Кейін бала Ақкөлдегі балалар үйінде тәрбиеленген.

“Қазіргі уақытта бала ата-анасына берілді. Перинаталды орталық қызметкерлерінің әрекетіне байланысты тексеру жүріп жатыр”, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

Астанада жұмыртқа сатушы әйел өзінің керемет дауысымен таңғалдырды (видео)

Биылғы оқу жылының қай күннен басталатыны белгілі болды

Атырау облысында жасөспірімдер суға жүзе алмайтын достарының өмірін құтқарып қалды

Екі қазақ қызын асырап алған америкалықтар қыздары үшін Қазақстанға көшіп келген (фото)

Талқылау