AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада әйел енесінің ақшасын ұрлап, онлайн ойындарға салған

Ақмола облысы Степногорск қаласында енесінің шотынан ақша ұрлап, онлайн ойындарға салған әйел ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

12 мамырда жергілікті полиция басқармасына 57 жастағы әйел арызданған.  Оның айтуынша, биыл 30 наурыз бен 12 мамыр аралығында белгісіз тұлға “Халық Банк” қосымшасының көмегімен оның банктік шотынан 81,5 мың теңге сомасында ақша қаражатын аударған. Барлық мән-жайларды анықтау үшін жәбірленуші дереу полицияға хабарласуды шешті.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары өз кінәсін толық мойындаған 35 жастағы әйелді анықтады.

Күдікті жәбірленушінің келіні болғаны белгілі болды. Наурыз айының соңында әйелдің барлық құжаттарына қол жеткізген келіні өзінің телефонына қайын енесінің шоттарына банк қосымшасын орнатып, онлайн ойындар ойнай бастаған, осылайша жұмсалған ақшаны көбейткісі келген.

Полиция департаменті осындай фактілердің алдын алу мақсатында тұрғындарды мұқият болуды, жеке құжаттардың, банк карталарының CVV-код пен парольдерін, дербес деректерін мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы беруге болмайтындығын ескертеді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр