Ақмола облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды
Астана-Атбасар тас жолында ірі көлік апатынан жеті адам қаза тауып, бір адам зардап шекті.
Ақмола облысында екі автокөлік соқтығысып, жеті адам қаза тапты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жол апаты Атбасар ауданындағы Мариновка ауылына жақын жерде 3 қазанда болған.
“Мицубиси-Франтеро жүргізушісі қарсы бағыттық қозғалыс жолағына өтіп кетіп, ВАЗ-2106 көлігіне соғылған. Соқтығысу салдарынан ВАЗ-2106 жүргізушісі, оның әйелі мен екі қызы және тағы екі әйел қаза тапты. Екінші көлікте бір жолаушы қаза тауып, тағы бірі Атбасар орталық аудандық ауруханасына жатқызылған”, — деп хабарлады полиция агенттікке.
Көлік апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, “Мицубиси” жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тағы да оқыңыз:
«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді
Алматыда құлаған ұшақ пилоттарының есімдері белгілі болды
Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды