Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жерлеу рәсіміне келген 50-ден аса адам астан уланып қалды

Жерлеу рәсіміне келген Ақмола облысы Шортанды ауылының тұрғындары тамақтан уланып, ауруханаға түсті.

Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ақмола облысы қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің өкілі астан уланғандар саны артып баратынын айтып берді.

Сонымен Шортанды ауылында астан уланғандар саны 45-тен 58-ге бір-ақ жеткен. 15 адам ауруханаға жатқызылды, тағы 43 науқас амбулаториялық ем қабылдау үстінде.

Шортанды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, 6 наурызда мейрамханадағы жерлеу рәсіміне берілген асқа 150 адам ғана қатысқан. Асқа келгендер ет жеп уланған. Жерлеу рәсімін өткізген отбасының азық-түлік пен ет өнімдерін өздері әкелгені белгілі болды. Олар санитариялық талаптарды сақтамаған. Ет антисанитариялық үй жағдайында туралып, қайнатылған. Ал етке арналған қамыр Егемен ауылындағы үйде даярланған. Кесілген ет болса 10 сағатқа жуық уақыт қалыпты бөлме температурасында сақталған, кейіннен ас берілген кафеге жеткізілген.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жоғалып кеткен 2 жасар бала өлі күйінде табылды

Павлодарлық орманшы тұрғындардың анаконда ұстап түскен суретіне түсініктеме берді

Қызылорда облысында мектепті су басты

Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, салт-дәстүрін қатты құрметтеймін

Талқылау