Павлодарлық орманшы тұрғындардың анаконда ұстап түскен суретіне түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде Павлодар облысы Лебяжі ауданының тұрғындары анаконда ұстап алды деген ақпарат тарап кетті. Бұл деректің жалған екенін осы ауданға қарасты «Қара» орман шаруашылығы бөлімінің қызметкері Арман Базилий хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оның айтуынша, суретте бейнеленген адамдар Жаңатаң ауылының тұрғындары емес екен. Ол ауылында мұндай азаматтардың тұрмайтынын айтты.
«Менің жерлестерім Ертіс өзенінен ешқандай анаконда ұстаған жоқ»,-деді орманшы.
Қазақстан аумағында анаконда ұстап алды деген деректер әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-да жарияланып келгенімен, ресми расталған жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Қызылорда облысында мектепті су басты
Қазақ қызына үйленген орыс жігіті: Қазақтың тілін, салт-дәстүрін қатты құрметтеймін
Ақтауда балалар қойылымындағы жанжалдың себебі анықталды
ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды
"Анам бүгін келе ме?": Жақынынан айырылған балаға қаралы хабарды қалай жеткізу керек
Әлеуметтік желіде желі қолданушысы бес жастағы қызға анасының қайтыс болғанын қалай жеткізерін білмей жүргенін жазған
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады