Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында мектепті су басты

Қазалы ауданындағы Аранды ауылын тасқын су басты. Ондағы №97 мектепті су алып кетті. Тасқын салдарынан сабақтар тоқтатылды. Оқиға орнына облыс басшылары барды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мектеп ғимаратының қабырғаларына сызат түсіп, едендері көтеріліп кеткен. Оқу орны жарамсыз деп танылып, сабақтар тоқтатылды.

Облыс басшылары мен ТЖД өкілдері оқиға орнына барып, нысанның жағдайымен танысты.

Облыстық білім басқармасы оқушылардың білім алу процесі тоқтамайтынын мəлімдеді. 12 наурыздан бастап мектеп мұғалімдері мен 98 оқушысы көршілес Қожабақы ауылындағы №25 мектептің екінші ауысымында оқиды.

Ұстаздар құрамы мен оқушыларды тасымалдау үшін Қазалы ауданы əкімдігінен арнайы көлік бөлінді.

Еске сала кетейік, ШҚО Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында жауын соңы тасқынға ұласты. Қар аралас жаңбырдан келген зардаптарды жою үшін 1000 адам мен 300 техникадан тұратын апаттық құтқару тобы құрылды.

Тағы оқыңыз:

Ақтауда балалар қойылымындағы жанжалдың себебі анықталды

ШҚО Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, 400 адам эвакуацияланды

Аягөзде су тасқынынан келген зардаптарды жою үшін, Өскеменнен көмек жасағы шықты

Алматылық жігіт әйгілі әншінің концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, залды шулатты (видео)

Талқылау