Басты жаңалықтар
Ақмола облысында сержант жоғалып кетті
[:kk]
1992 жылы туған әскери қызметкердің жоғалғаны туралы полицияға оның ағасы хабарлаған. "Щучье қаласында орналасқан ҚР Қорғаныс министрлігі кадет корпусында әскери қызметкер келісім-шартпен жұмыс істеуші сержант Нұржан Сұлтанғазин жоғалып кетті. 12 маусымнан бері оның қайда екені белгісіз", - делінген полция хабарламасында. Ол жұмысқа шықпай қалған. "Сұлтанғазин қаңтар айынан бері келісім-шартпен қызмет атқарды. Оның еншісіне ешқандай қару болмаған", - деп хабарлады каде корпусының подколковнигі, штаб бастығы Шайзатхан Абжаппаров. Құқық қорғау органдары туыстарымен бірге әскери қызметкерді іздестіруде. Белгілері: бойы 175 см, арық денелі, қара шашты. Жоғалған кезде көк түсті жейде, көк джинсы және кроссовкасы болған. Нұржан Сұлтанғазинді көрген-білген жандар болса 8 (716 36) 4-20-65 нөміріне хабарласуға болады.[:]
Ақмола облысында кадет корпусынан келісім-шартпен жүрген сержант жоғалып кетті. Бұл туралы ішкі істер департаменті хабарлайды.

Талқылау

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
Мамандар мұнай қоры таусылса, экономиканы әртараптандыру керек деп санайды

"Өз аяғымен кірген бауырымның денесін 2 сағаттан соң алып шықтық": Дәрі еккеннен көз жұмған шымкенттік оқушының туыстары бауырының өліміне дәрігерлерді кінәлайды
Марқұмның ағасы бауырының бұған дейін мүлдем ауырмағанын айтты