Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бұзылған жылытқыштың кесірінен анасы мен баласы көз жұмды

Кеше Ақмола облысында екі өрттен үш адам қаза тапты. Бірінші өрт таңертең Зеренді ауданы Ортақ ауылындағы жеке үйде болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өрт орнынан 62 жастағы ана мен оның 35 жасар ұлының мәйіті табылды», – деді Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Нұрбек Мусин.

Екінші өрт 15 ақпанда кеш бата болды. Көкшетауда «Көкше строй метал» ЖШС құрылыс вагоны өртеніп, оның салдарынан 1958 жылғы ер адам көз жұмды.

Мусиннің айтуынша, екі жағдайда да тұрмыстық электр жылытқыштарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Хромтауда өрттен екі бала қайтыс болды

Талдықорғанда ер адам асылып қалды

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 6 адам опат болды

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты (видео)

Талқылау