Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, адамдарды жарақаттады

Ақмола облысында бұзақылар автокөлікке оқ жаудырып, екі адамды жарақаттады, күдіктілер ұсталды.

Бұл туралы Stan.kz ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 30 қазан күні сағат 18:00 шамасында Жарқайың ауданының Пригородное ауылында болған. Белгісіз біреулер Mitsubishi Galant көлігіндегі бес жергілікті тұрғынға бірнеше рет оқ атқан. Шабуыл салдарынан 1977 және 1982 жылы туған екі адам жарақат алады. Бұзақылар белгісіз бағытта ізін суытқан. Күндіз зардап шегушілер мен күдіктілер арасында жанжал болғаны анықталды.

Жедел іздестіру шаралар барысында қаскүнемдердің бірі Талапкер елді мекенінен, екіншісі Астанадан ұсталды. 30 және 31 жылы туған ер адамдар кінәсін мойындап отыр. Айтуларынша, оқ атылған қаруды өзенге тастап жіберген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар абақтыға қамалды, сараптамалар тағайындалды.


Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікке ілінген шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді

Әйелін пышақтаған Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде видео мәлімдеме жасады

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Талқылау