Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында бүтіндей бір ауыл тұрғындары келесі бетке қайықпен қатынап жүр

Ақмола облысы Шағалалы өзенінің тасуынан бүтіндей бір ауыл тұрғындары келесі бетке қайықпен қатынап жүр,-деп жазды 31 арна.

қайық

Себебі, екі ауылды жалғастырған көпірді тасқын суы шайып кетіп, қатынас үзілген. Сондай-ақ, тасыған су жақын маңдағы үйлерге кіріп, ауылдықтар айтарлықтай шығынға батқан.

Жазда тобықтан келетін Шағалалы өзенінің суы қазір ернеуінен асып кеткен. Судың тереңдігі шамамен 3, ені 200 метрге жеткен. Ал мынау өзеннің арғы бетінде қалған отыз шақты  үй. Бергі бетпен байланыстыратын көпірмен өту қазір қауіпті.

Себебі биікте орналасқанына қарамастан, көпірдің бірнеше жері тасқынның астында қалған. Қазір тұрғындар екі араға құтқару қызметкерлерінің басқаруындағы қайықпен қатынап жүр.

«Жылда осылай болады. Азық – түлік алу үшін осы қайықпен бергі беттегі дүкенге бара жатырмын. Басқа амалымыз жоқ»,- дейді ауыл тұрғыны Лидия Петрова.

Бергі беттегі тұрғындардың жағдайы да  мәз емес. Арнасынан асқан өзен суы бергі жағалаудағы 21 үйдің ауласына жайылған. Түн ортасында басталған тасқыннан қарбаласқа түскен тұрғындар, малдарын аман-есен қауіпсіз жерге көшіріп үлгеріпті.

Алайда, 9 үйдің тұрғыны үйімізге кірген судан дүние  -мүлкіміз бүлінді деп қамығып отыр. Солардың бірі Болат Беймағамбетов. Айтуынша, үйінің іші мен іргетасына өткен жазда ғана жөндеу жұмыстарын жүргізген. Тіпті бөлмелерді жаңа жиһаздармен толтырыпты.

«Түн ортасында үйімізге су кірді. Үйге кірген судың деңгейі 20-30 см болды. Үлгергенімізше жиһаздарды көтеріп қойдық. Жаз бойы линолеум төсеп, едендерді жаңартқанбыз. Енді судың кесірінен қайта жөндеуге тура келеді»,-дейді  Шағалалы  ауылының тұрғыны Болат Беймағанбетов.

Өзен суы жылда тасиды. Алайда, арнасынан асып үйлерге дейін жайылуы көп жылдан бері болмаған құбылыс дейді тұрғындар. Жұбататыны, адамдар аман, мал шығыны жоқ. Ал мүліктері бүлінген тұрғындардың өтінішін әкімдік қызметкерлері қарастырамыз дейді.

«Фотосуретке түсіріліп, шығынын өтеу үшін Зеренді ауданындағы әлеуметтік бағдарламалар орталығына жіберілді»,-деді  Шағалы әкімінің бас маманы  Алма Мусина.

Сондай-ақ, әкімдік қызметкерлері жағалаудағы тұрғындарға ауылдың қауіпсіз аумағынан үй салуға  жер беруге де дайын екендіктерін жеткізді.

Қазіргі кезде әкімдік қызметкерлері және құтқару мамандарының көмектесуімен үйлерде суды азайту жұмыстары жүргізілді. Ал, тұрғындар айтып келмейтін апат қайтып келмесе екен деп тілеп отыр.

Оқи отырыңыз:

Танымал «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты дау өрши түсті

Ақша жымқырды деп айыпталған оралдық археолог ақталып шықты

Академик: Қазақстанның қазір 80 миллион адамды асырай алатын жағдайы бар

Журналист ұятсыз қыздарды эфирге шығарған Ләйлә Сұлтанқызын масқаралады

Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын

 

Талқылау