Ақмола облысында атышулы ауыл әкіміне қатысты қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылды
Ақмола облысындағы Курск ауылдық аймағының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық іс басқа бапқа ауыстырылды. Владимир Рагозный бұған дейін ауылдасы Баржақсы Жәмішевті «өз-өзін өлтіруге итермеледі» деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Естеріңізде салсақ, оқиға осыдан екі ай бұрын болған. 47 жастағы азаматты туысқандары шалажансар халде әкімнің жеке көлігінен тапқан еді. Жәмішев сол күйі есін жимастан көз жұмды. Полиция сол кездегі Курск ауылдық аймағының басшысы Владимир Рагозныйға қатысты жерлесін «өз-өзін өлтіруге итермеледі» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
Бірақ марқұмның туысқандары мұнымен мүлдем келіспеді. Енді Қостанайда жасалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы дайын болып, қылмыстық іс қайта қарастырылды. Сөйтіп, ол «Өлімге әкеліп соққан ауыр дене жарақаттары» деген бапқа ауыстырылды. Сондай-ақ, бұл күдікке онымен бірге болған тағы бір азамат ілігіп отыр.
Тағы оқыңыз:
Танымал ресейлік модель қазақстандық Алима Көпейге көмектеспек
Эскалаторға қолын қысып, жарақаттанған қыздың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Алматы автобустарында жалған бақылаушылардың «Оңай» картасынан ақша шешіп алып жүргені белгілі болды
Махаббат шабыттандырды: Қазақ жігіті сүйіктісінің суретін шегемен бейнелеген