Танымал ресейлік модель қазақстандық Алима Көпейге көмектеспек

1,5 жасар Алима Көпейдің тағдыры тек қана қазақстандықтарды емес, жанашыр шетел азаматтарын да алаңдатуда. Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған Алимаға танымал ресейлік модель әрі дизайнер Оксана Самойлова көмектеспек.

Танымал ресейлік модель қазақстандық Алима Көпейге көмектеспек

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Рэпер Джиганның жұбайы әрі модель Оксана Самойлова әлеуметтік желі арқылы Алиманың анасына хат жазған.

“Сәлеметсіз бе, сіздің хикаяңызды оқып, көмек қолын созғым келіп отыр. Маған реквизиттер жазылған суретті жіберіңізші. Немесе менен басқа қандай көмек қажет? Сіздің тамаша қызыңыз бар, тезірек сауығып кетуін тілеймін”, – деген ол хатында.

Танымал ресейлік модель қазақстандық Алима Көпейге көмектеспек

Өз кезегінде Алима Көпейдің анасы таңданысын жасыра алмады.

“Шок алып отырмын”, – деді ол.

Айта кетейік, денесінің 50 пайызы обыр дертімен зақымдалған Алима Көпей қазіргі таңда Корея елінде емделіп жатыр. Нәрестенің жағдайы ауыр. Алайда ата-анасы қыздың өмірі үшін соңына дейін күресуге бекініп отыр. Бұған дейін бүлдіршіннің анасы қыздың ауруға қалай душар болғанын баяндап берген еді.

Тағы оқыңыз: 

Шымкентте бала туамын деп ауыр халге душар болған әйел көз жұмды

Ақтөбе психикалық диспансерінде жатқан науқас қасындағы көршісін “ұйқы бермеді” деп қылқындырып өлтірген

Шымкентте мешітке келушілер ауызашарға берілетін талон үшін төбелесе жаздады

Жайдарманшы Мереке: Арсен екеумізге жазылған пікірлерді жауыма да тілемеймін

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар