Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жайдарманшы Мереке: Арсен екеумізге жазылған пікірлерді жауыма да тілемеймін

Жуырда өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан жайдарманшы Мереке біраз сынға ілікті. Әсіресе, әлеуметтік желіде отау құрған жас жұбайларға жағымсыз пікірлер көптеп жазылған. Бұл орайда Арсен мен Мереке 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына қатысып, хикаяларын баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жайдарманшы Мереке: Арсен екеумізге жазылған пікірлерді жауыма да тілемеймін

“Мен Мерекені 2013 жылдан бері жақсы көремін. КВН-нен көріп, бірден ұнатқанмын. 2016-да Алланың қалауымен кездестік. Сол кезден бастап танысып, қыз-жігіт ұқсап жүрдік. Алғашқыда еркекшора қыз ретінде қабылдадым”, – дейді Арсен.

Ал Мереке болашақ жарымен қалай танысқанын әңгімелеп берді.

“Біз КВН ойыншылары бәріміз бір жерде отырдық. Жан-жақтан келген жайдарманшылар жиналдық. Біз алматылық болғандықтан, қонақжайлылық таныттық. Ішінде ең үлкені мен. 96-97 жылғы кішкентай қыз-жігіттер. Мафия ойнап отырмыз, барлығы мені “Мәке” деп сыйлап отыр. Біреуге ғашық болып қаламын деген ойда жоқ. Бір кезде есіктен кішкентай бала кіріп келді. Бойы ұзын, бірақ бөпе сияқты. “Інім кел, ойынға қосыл” деп қоямын. Бірден түрін жиып алды. Мен сөйлеп отырмын, маған жауап бермейді. Ол маған жауап бермеген сайын сөйлегім келіп жатыр. Басқаларға сөйлей алсам да, бұған сөйлей алмадым. Жаймен “лыпылдай” бастадым. Ешқандай жауап жоқ. Бір сағаттан соң үлкен жігіт сияқты көріне бастады. Екі сағаттан кейін өзіммен жасты етіп алдым. Ой-өрісі соған алып барды. Үш сағаттан кейін тұрмысқа шыққым келді”, – дейді Мереке.

Мерекенің ойын бірден аңғарған Арсен қызды көп күттірмеген. Әрі өзі ұнатып қалғандықтан, келесі күні өзінен біршама жас үлкен қызға жүрегін ұсынған.

“Ертесі күні бағдарлама алаңында жүрдік. Арсен қасыма келді. Ешқашан КВН тарихында бір жігіт келіп, сезімін білдірмепті. Бірақ мынау, яғни отағасы келіп: “Сен мені жақсы көріп қалдың ба?” деді. “Не қылды? Өзіңе көп алмасай”, – деп едім: “Сен де маған ұнайсың”, – деді. Енді? – десем – Көрейік та, деді.

– Нені көрейік?
– Жүріп көрейік.
– Бұрында қыздарға осылай сөз салғанда не деп жауап беруші еді?
– Ойланып көрейін дейтін.
– Ал мен ойланбайды екенмін. Көрсек көрейік”, – дейді Мереке.

Екі жастың махаббат хикаясы осылай басталған. Араға екі жыл салып, бір-біріне деген сезімдері нығая түскен жастар отау құруға бел буған. Алайда Мереке өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанда ел тарапынан түрлі сыни пікірлер айтылғанын жасырмайды.

“Осы уақытқа дейін КВН-ге қатысты жаман пікірлер кететін. Ол кезде мән бермейтін. Бірақ осы жолы бізге жазылған пікірлерді жауыма да тілемеймін. Дегенмен оларды жүрекке қабылдамадым. Себебі олар айтты екен деп сол нәрсе бола қалмайды. Олардың алдында ақталып жатудың қажеті жоқ”, – дейді ол.

Бұл орайда Арсен ата-анасының Мерекеге деген көзқарасы жайлы да айта кетті.

“Менің анам ғана бар. Әкеммен ажырасып кеткен. Анам бірден келісті. Ол бізді өз еркімізбен өсірді. Екі баламыз үйде. Анам ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Әкем аздап қарсылық білдірді”, – дейді Арсен Амангелдіұлы.

Тағы оқыңыз: 

Шапалақпен тартып жіберемін: Арман Дүйсенов бала тәрбиесі жөнінде ағынан жарылды

Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)

Бұл не ырым: Бүркіт жаңа туған қызын 40 күнге дейін қолына алмайды

Ажырасқаны үшін: Алтынай Жорабаева қыз ұзату мен тұсау кесуден бас тартып жүр

Талқылау