Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасқаны үшін: Алтынай Жорабаева қыз ұзату мен тұсау кесуден бас тартып жүр

Таяуда “Қаз-қаз балам” өлеңіне ән жазып, композитор атанған Алтынай Жорабаева о баста тұсау кесуді мақсат тұтпаған. Ырымға сенетін әнші, тіпті ажырасқаны үшін тапсырыстардан бас тартып жүрген көрінеді. Алайда өз қуанышынан Жорабаеваны көргілері келетін той иелері табандап тұрып алады екен.

Алтынай Жорабаева

Бұл туралы Жорабаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Кеше ғана Әмина есімді бүлдіршіннің ата-анасы хабарласып, өтініш білдірді. Мен тұсау кеспейтінімді айтсам да, “жоқ, біз сізге кестіргіміз келеді” дегеннен кейін келістім. “Қаз-қаз балам” деген өлеңді оқып отырып, әуені құлағыма келді. Негізі көп әндер келеді, бірақ мен композитор емеспін ғой, әркім өз жұмысын жасасын, жағаласпайын деп жүрдім. Бірақ бәрібір сол әуен құлағымнан кетпей қойды. Содан сол әнді жазуға тура келді”, – дейді Жорабаева.

Әнші ажырасқалы бері тұсау кесуден ғана емес, қыз ұзатудан да бас тартады екен. Алайда Алтынайды үлгі тұтатын халық, оның жеке басындағы мәселеге көз жұма қарайтын көрінеді.

“Негізінде әрбір әнім белгілі бір себеппен жазылады. Ұзатуға арналған әнім де солай жазылған болатын. Жетісай жақта бір қызды ұзату керек болды. Мен ажырасқан адамдарға қыз ұзатуға, тұсау кесуге болмайды деп айтамын. Соның бәрін түсіндіріп айтамын. “Хабарларыңыз бар ма? Ертең естіп қалып, көңілдеріңізге алып қалуыңыз мүмкін” деп ескертемін.

“Жоқ, оны білеміз. Одан бөлек, сенің тәрбиең бар, болмысың басқа. Тағдыр, кімнің басында болмайды? Ол үшін кемсітудің қажеті жоқ. Сенің басқа да жетістіктерің көп. Қаншама шетелдік байқауларды бағындырдың. Елбасы орнынан тұрып барып, ешқандай әншінің қолын алмаған. Соның бәрі бізге жұғысты болсын” деген ниетпен кеше ғана тұсау кесерде солай айтты. Қыз ұзату да солай болды. “Сен сияқты төрт қыздың анасы болсын” деді. Сондай ұсыныстармен жазылған әндер. Желіде де көптеген хаттар келіп жатады. Көбінесе жауап бермеймін, себебі бәріне ақталып отыру керек. Ақеркеге хабарласып, тікелей шығып жатқандарға енді барамын”, – дейді Жорабаева.

Тағы оқыңыз: 

Мейрамбек Бесбаев өзі жатқан бесікті Рахман Омардың ұлына сыйға тартты

Мен сондай бақыттымын: Айсәуле Бақытбек махаббат туралы жантебірентерлік жазбасымен бөлісті

Ерекше ұсыныс жасады: Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққалы жатыр

Жанар Айжанованың қызы бетін адам танымастай етіп бояп жұртты шошытты (видео)

Талқылау